RU
"Тендер шешеді": Туған-туысы жоқ адамды жерлеуге бюджеттен қанша ақша бөлінеді

"Тендер шешеді": Туған-туысы жоқ адамды жерлеуге бюджеттен қанша ақша бөлінеді

Рассказать Вконтакте

Шымкент қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы көгалдандыру бөлімінің бас маманы Шаихислам Кемелханның мәліметінше, Шымкент қаласында 44 мазарат бар. Соның 38-і мұсылман мазараты. Бұл мазараттардың әрқайсысында бірнеше көрқаудан жұмыс істейді. Олар мазараттарды күтіп-ұстаумен, туысы жоқ адамдарды жерлеумен, келгендерге жер белгілеумен айналысады екен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: alashainasy.kz

Көрнекі фото: alashainasy.kz

Көр қазушылар келіп-кетушілердің талап-сұранысы бойынша қолғабыс етеді. Ал туысы жоқ, белгісіз адамдарды жерлеуді есептемегенде, басқа қызметтері үшін мемлекеттен ақы алмайды екен. Олар зиратқа келіп кетушілердің берген қаржысын қанағат ететін көрінеді.

"Шымкент қаласы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар елдiмекеннiң қайтыс болған әрбiр тұрғынын жерлеу үшiн кемiнде 6 шаршы метр жер учаскесiн тегiн береді. Көбіне тұрғындар мұны біле бермейді. Соны пайдаланған кейбір пысықайлар жерленетін жер үшін де ақы алады. Дегенмен әр адамға 6 шаршы метр жер тиесілі. Кісі қайтыс болғаннан соң да, алдын ала да алуға болады. Бұл үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.
Көрқаудың қызметіне келсек, оны қолдану-қолданбау әркімнің өз еркі. Көрқау немесе мазарат басындағы шырақшы сізге бос жерді белгілеп, көрсетуге міндетті. Оны өзіңіз қазасыз ба, әлде көрқауға қаздырасыз ба, сіздің еркіңізде. Сол үшін көрқауға қанша төлейтініңіз сіздің жомарттылығыңызға байланысты", — дейді Шаихислам Мұқанұлы.

Ал туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу жергілікті бюджет есебінен жүзеге асады. Бір мәйітті жерлеуге бекітілген сома – 30 мың теңгені құрайды екен. Бүгінге дейін бюджет есебінен 100 адам жерленіпті. Бұл мәйіттерді қай көрқаудың жерлейтінін мемлекеттік тапсырыс, яғни "тендер" шешеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel