RU
"Тауда тастап кетті": Мадина Оспанова сүйіктісімен болған алғашқы кездесуді айтып берді

"Тауда тастап кетті": Мадина Оспанова сүйіктісімен болған алғашқы кездесуді айтып берді

Рассказать Вконтакте

Бүгінде киносүйер қауымның көзайымына айналған танымал жас актрисалардың бірі Мадина Оспанова YouTubе арнасындағы Salem Beauty арнасында сүйіктісімен алғаш кездесуінің қалай өткенін айтып берді. Бойжеткеннің сөзінше, жігіті оны тауда жалғыз тастап кетіпті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актрисаның сөзінше, ол кезінде косметиканы қолдана алмай, бетінің реңкіне тән келмейтін опаны қолданып, көп олқылықтар жасаған. Сол себепті кемшіліктерді жасыру үшін жарық жерлерде жүргенді ұнатпапты.

Сылқым сол үшін сүйіктісімен алғашқы кездесуге киноға емес, тауға баруды қалапты. Табиғат аясында бір-бірін жақын танымақ болған қос ғашық кенеттен сөзге келіп қалған.

"Жігітім мені кино шақырған. Сол кезде басым істеп: "Бірінші кездесуде киноға бармайды ғой. Бірінші кездесуде адамдар сөйлесу керек, бірін-бірі жақын тану керек. Сол үшін табиғатқа шығайық, тауға барайық дедім. Ол жерде свет жоқ. Көрінбейді ғой. Ол: "Иә, мен ол жағын ойланбаппын ғой" деп келісті. Серуендеп, танысып қайттық. Сосын ұрсысып қалдық", - деп есіне алды сол кезді Мадина.

Актрисаның сөзінше, жігіті оны кешкілік уақытта таудың қақ ортасында тастап кеткен. Ашуға булыққан ару өзін-өзі жұбатып тұрған кезде жігіт қайта келіп, оны көлігіне мінгестіріп алған екен.

"Қараусыз қалған аурухана жақта жүргенбіз сол сәтте. "Сен мықты шығарсың" деп ол мені тауда жолдың ортасынан тасап кетті. Телефонмен тауда тұрмын. Дала қараңғы. Ар жақта иттер үріп жатыр. "Ештеңе етпейді Мадина, жерде қалмайсың дедім".
Қырсықпын ғой. Қараңғы жолмен жаймен жүре бастадым. Сөйтіп, қарасам, машина қайтып келе жатыр екен. Бірден жиналып, тезірек жүре бастадым. "Керек емес, мені апарамай-ақ қой. Қандай жігітсің өзің деп". Осылайша біздің отбасылық ұрысымыз сол кезде болған", - дейді бойжеткен.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel