RU
"Араб болғанын қаладым": Танымал актриса өзге ұлттың жігітіне неліктен тұрмысқа шыққысы келді

"Араб болғанын қаладым": Танымал актриса өзге ұлттың жігітіне неліктен тұрмысқа шыққысы келді

Рассказать Вконтакте

Бүгінгі таңда шоу-бизнестегі аты жиі аталатын актирсалардың бірі Мадина Оспанова YouTube желісіндегі Salem Beauty арнасын сұхбат берді. Сұхбат барсында өнер иесі бала күнінде өзге ұлттың жігітіне тұрмысқа шығуды ойлағанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса Salem Beauty арнасындағы "Моя косметичка" бағдарламасына қонаққа келді. Бағдарлама шарты бойынша, кейіпкер өз косметикасымен бояна отырып, қызық оқиғаларымен бөлісуі керек.

Өзі жайлы әңгіме өрбіткен Мадина Оспанова кішкентай кезінде түрік не араб ұлтының жігітіне тұрмысқа шыққысы келгенін айтты.

Себебі ол болашақ балаларының сұлу болғанын қалапты.

"Сіздер де кішкентай кездеріңізде болашақ күйеулеріңізді елестеткен бе едіңіздер? Мен үнемі өзіме қазақ емес жігітті елестететінмін. Неге екенін білмеймін. Оның қазақ болғанын қаламадым. Түрік не араб болғанын қаладым. Себебі балаларымның сұлу болғанын қаладым. Ал өсе келе ол ойдан айныдым. Себебі өзіміздің қазақтарға тұрмысқа шығу керек екенін түсіндім", - дейді ару.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі актриса жуырда сүйіктісінің тұрмысқа шығу туралы ұсынысын қабылдап, қалыңдық атанғанын хабарлаған едік.

Содай-ақ, бойжеткен болашақ жарымен алғашқы кездесу кезінде сөзг келіп қалғанын да айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
14
6
2
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel