Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мектепте оқитын қызға шабуыл жасаған аула сыпырушы ұсталды

Опубликовано:

Алматыда мектепте оқитын қызға шабуыл жасаған күдікті қолға түсті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: almaty.tv
Көрнекі фото: almaty.tv: Twitter

Бостандық аудандық Полиция басқармасының мәліметі бойынша, кәмелеттік жасқа толмаған қызға шабуыл жасау фактісі бойынша жүргізіліп жатқан қылмыстық іс барысында күдікті анықталып, қолға түсті.

"Қыздың заңды өкілдерінің қатысуымен күдіктіні тану жұмыстары жүргізілді. Мектеп оқушысы 1969 жылғы күдіктіні таныды. Ол жергілікті ПИК-те аула сыпырушы болып қызмет етеді. Дәл сол "Орбита" ықшамауданында жертөледегі үйде тұрады. Күдікті сол күні таңертең мас күйінде қызды кездестіріп қалғанын айтады.
Азаматтың сөзінше, ол мектеп оқушысын қорқытқысы келмеген, тек өз қалтасынан телефонын алмақ болған. Ал жеткіншек оны пышақ деп ойлап қалған. Күдіктіден алынған жауап процессуалды тәртіпте қайта қаралады. Дәйектік база құрылып, ары қарай іске қатысты қорытынды процессуалдық шешім қабылданады", - деді Бостандық ауданы Полиция басқармасының бастығы подполковник Дәурен Өтебаев.

Аталған фактіні тергеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Осыған дейін оңтүстік астанада болжам бойынша қолына пышақ ұстаған ер адам 12 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасағанын хабарлаған едік. Абырой болғанда, қыз қашып құтылған. Ал полиция департаментіне қыздың анасы хабар берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828538-almatyda-mektepte-okityn-kyzga-sabuyl-zasagan-er-adamny-kim-ekeni-belgili-boldy/

pixel