RU
"Дәрігерді түрмеге отырғызуға болмайды": Денсаулық министрі трансплантологтар ісі туралы айтты

"Дәрігерді түрмеге отырғызуға болмайды": Денсаулық министрі трансплантологтар ісі туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева журналистердің шымкенттік трансплантолог Абылай Донбай туралы қойған сауалына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абылай Донбай. Фото: bsmp-uko.kz / Ғани Құттымұратов. Фото: zakon.kz

Абылай Донбай. Фото: bsmp-uko.kz / Ғани Құттымұратов. Фото: zakon.kz

Ақтаеваның сөзінше, ол жоғары білікті әрі сауатты маман ретінде сипатталады.

"Құқық бұзушылық болды ма, қылмыс болды ма - оны сот дәлелдейді", - деді Ақтаева.

Вице-министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі трансплантолог Ғани Құттымұратов пен оның әріптесі Абылай Донбай ісінде тергеу амалдары жүріп жатқан кезде дәрігерді темір тордың ар жағында ұстауға болмайды деген позицияны ұстанады.

"Дәрігерді басқа қылмыскерлермен бірге түрмеге отырғызуға болмайды. Бостандығын шектеудің басқа да альтернативті әдістері бар. Егер сот оны кінәсіз деп тапса, дәрігер ота үстеліне, науқастарға оралады. Дәрігер үшін науқастың сенімін жоғалтпау маңызды", - деді вице-министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері 18 қараша күні ұсталғанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Одан бөлек дәрігер-трансплантолог Ғани Құттымұратовтың да адам ағзаларын заңсыз сатты деп күдіктеліп жатқаны хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз
7
1
1
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel