RU
Британиялық маман Елеусіновтің алдағы кездесуі жайлы: Жекпе-жек оңайға соқпайды

Британиялық маман Елеусіновтің алдағы кездесуі жайлы: Жекпе-жек оңайға соқпайды

Рассказать Вконтакте

Британиялық talkSPORT сайтының редакторы Майкл Бенсон Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің (8-0, 4 КО) кәсіпқой боксқа жақсы бейімделіп келе жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол сондай-ақ қазақстандық боксшының алдағы жекпе-жектегі қарсыласының ерекше тұстарын атап өтті.

"Елеусінов кәсіпқой боксқа жақсы бейімделіп келеді. Титулды жекпе-жектер жөнінде айту әзірге ертерек, дегенмен, жоғары деңгейлі қарсыластармен шығаруға болады. Санческе қарсы өткізетін алдағы жекпе-жегі ол үшін оңайға соқпайды. Қарсыластың 12 раундтық кездесулерде тәжірибесі бар.
Төрт жыл бойы ол қарсыластарын жеңіп келді. Алайда, былтыр техникалық нокаутпен жеңілді. Оның Елеусіновке қиындық туғызатындай қабілеті бар. Бірақ, бұл қиындықтар қазақстандықтың пісіп жетілуі үшін қажет. Кездесу он раундқа есептелген, яғни чемпиондық жекпе-жек форматына жақын. Менің ойымша, Елеусінов келесі жылы титулға қол жеткізуі мүмкін", – деді Бенсон.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов 20 желтоқсанда АҚШ-тың Аризона штаты Финикс қаласындағы Talking Stick Resort аренасында өтетін бокс кешінде рингке шығады.

Ол 28 жастағы WBC Continental Americas титулының бұрынғы иегері Алан Санчеспен (20-4-1, 10 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек форматы – он раунд.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel