Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кішкентай баланы сүндетке отырғызудың соңы үлкен дауға ұласты (видео)

Опубликовано:

Алматыда кішкентай баланы сүндетке отырғызудың соңы үлкен дауға ұласты. Тіпті, бірнеше сот отырысынан кейін хирург-дәрігер кінәлі болып, қызметтен шеттетілген. Ал оның қорғаушы әкесі ұлының жазықсыз жауапқа тартылғанына сенімді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан кадрлар/ 31 арна
Фото: Видеодан кадрлар/ 31 арна: Twitter

Сот үкімі шыққан соң дәрігердің қорғаушысы іс дұрыс қаралмады, үкіммен келіспейміз деп талай жерге шағым жолдаған екен. Ал мұсылмандық ғұрыптан мұншалықты шу шығатынын білмедім деген баланың әкесі сүндетке отырғызған хирург досым еді дейді.

Сейітбек Әмірбекұлы бірінші санаттағы хирург ұлым жазықсыз сотталды деп, оны дәлелдеу үшін екі жылдан аса уақыт сабылған.

Оның айтуынша, 2015 жылы баласы жақсы досының ұлын сүндетке отырғызған. Артынша баланың жағдайы нашарлап, жыныс мүшесінің сырқаты асқынып кеткен.

Баланың әкесі сотқа шағымданып, дәрігер "ота дұрыс жасалмады" деген сараптама нәтижесімен істі болыпты.

Ал тергеу де, сот процестері де дұрыс болмады деген заңгер үкім шығарған судьядан бастап алты адам жауапқа тартылсын дейді. Ол дәрігер ұлының ақталуын талап етіп жүр.

"Алтауын да дәлелдеп беремін. Олардың біреуі дәлелденбей қалса, алтыншы болып өзім отырамын. Қазір жетпіске келдім. Түрмеде отыру маған мақсат немесе қуаныш емес. Жоғары сотты қарата алмай жатырмын", - дейді Сейітбек Әмірбекұлы.

Дәрігердің кінәсіз екенін заңмен дәлелдегісі келіп жүрген қорғаушы сүндеттелген бала отадан кейін вирус жұқтырғанын айтады. Тіпті, бір жасар баланы емдеген ақ халаттылар қателесті деп отыр.

Ал Қазақстандағы ең беделді урологиялық орталық мамандары сүндет дұрыс жасалмаған деген пікірде.

"Тауық сойса да, қасапшы сойсын" дегендей, әр істі өз маманы істеу керек. Біздің заманда мамандар жеткілікті. Баяғы заманда мамандар болмаған шығар, молдалар кесті", - дейді жоғары санатты уролог-дәрігер Қайрат Қабдолдин.

Ал досым деп апарып, баласын сүндетке отырғызып, артынша соттасқан Азамат Исабеков сол жағдайдан кейін ұлына төрт рет ота жасатқан. Оның үшеуін шетелде.

Үш қыздан кейін көрген ұлын емдетуге 50 мың доллар жұмсаған ол нәрестенің сырқаты асқынғанда сүндеттеген досы теріс айналғанын айтады.

"Ауруханаға апарғанда "сенің таныстарың көп қой, көмектесейік" деп айттым. "Қалай істейміз, не істейміз?" десем, "ой, жоқ, мен емеспін" деп кетіп қалды", - дейді ол.

Ал рақымшылыққа ілінген дәрігердің қызметтік шектеуі бес айдан кейін аяқталады. Қорғаушы әке "сотталды" деген ат хирургтің болашағына кері әсерін тигізеді деген оймен сот үкімін жоюға тырысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828569-almatyda-kiskentaj-balany-sndetke-otyrgyzudy-soy-lken-dauga-lasty-video/

pixel