RU
Досымжан Таңатаров: Тойларда оператор да, асаба да болдым

Досымжан Таңатаров: Тойларда оператор да, асаба да болдым

Рассказать Вконтакте

Әнші Досымжан Таңатаров өнер жолын той-томалақтарда оператор мен асаба қызметін бастаған болып шықты. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы танымал болмай тұрған кезін есіне алып, басынан өткен қызықты жайттармен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ "Таңғы хабар" бағдарламасына сілтеме жасап.

Сұхбат барысында Таңатаров үлкен қуаныштарда оператор қызметін атқарып жүріп, арасында ән де айтып үлгергенін жеткізді.

"Серік Қалиев деген ағамыз бар. Студентпіз, өлең айтамыз. Әншілікке мың немесе екі мың теңге беретін. Домбырамен баратынбыз. Бірақ, бір жерге барып, мың теңге табу арзан. Оған қоса, ол кезде тойдың соңына дейін жүресің. Қазіргідей, кіріп, өлеңіңді айтып кете бермейсің. Серік ағамыздың үйінде камера болатын. Ол үнемі оператор таппай тұратын.

Сол кісі маған камераны үйреніп алуды ұсынды. Тойларда жүріп видеоға түсіріп жүрген жігіттерден бәрін үйреніп алдым. Сөйтіп тойларда камера түсіріп жүрем де, той ортасында Серік ағам келіп маған "Қазір сен өлең айтасың" дейтін. Сосын мен камераны қойып, ән айтамын. Бір-ең өлең айтамын да, қайтадан камерамды алып түсіріп жүремін.

Кейін Серік ағалардың қасында жүріп, тамада болуды да меңгеріп алдық. Көреміз, түйеміз дегендей. Содан кейін, ақырындап кішігірім тойларға шығамыз. Әлгі камераны інілерімізге ұстатып қойып, өзіміз тамадалыққа кіріп кеткеніміз бар" , - деп есіне алды әнші.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel