RU
Австралияда ер адам аяғы ауыр мұсылман әйелді аяусыз ұрған

Австралияда ер адам аяғы ауыр мұсылман әйелді аяусыз ұрған

Рассказать Вконтакте

Австралия астанасы Сидней маңындағы кафелердің бірінде белгісіз біреу аяғы ауыр мұсылман әйелін соққыға жықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Видеодағы кадрлардан ер адамның орамал тағып отырған үш әйелге жақындап, бір-екі ауыз сөз алмасқан соң, олардың біреуіне тап бергенін байқауға болады.

Куәгерлер ажыратып алмай тұрып, ол жұдырықпен ауыр соққылар жұмсап, ақырында аяқпен де теуіп үлгереді.

Ең сорақысы, зардап жеккен әйел адамның жүктіліктің тоғызыншы айында екені белгілі болды.

Шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Ол – 43 жастағы Стип Лозина.

Жәбірленушінің айтуынша, ол жұдырық ала жүгірген кезде "анамды мұсылмандар зорлап кетті" деп айқай салған. Ер адам жүкті әйелге 14 соққы жұмсапты.

Ертесіне ол өзін кепілдікпен босатуды сұраған, алайда, сот оның өтінішін қанағаттандырмаған.

Daily Mail басылымының ақпарынша, Стип Лозина шабуыл жасаған әйелді бұрын танымаған. Ол бұған дейін де көптеген заңбұзушылықтармен полицияның көзіне түсіпті.

Зардап шеккен 31 жастағы келіншек аты-жөнін атамауды жөн көрген. Белгілі болғандай, әдетте ол үйінен көп шықпайды екен. Бірақ, сол күні жұбайын үйде балалармен қалдырып, құрбыларымен кофе ішу үшін кездесіпті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel