RU
Марста қайтыс болған адамның денесі қандай күйге түседі

Марста қайтыс болған адамның денесі қандай күйге түседі

Рассказать Вконтакте

Бүгінгі таңда миллардерлер мен әйгілі тұлғалар Марс планетасына ұшуды ойлап жүргені рас. Десе де олардың көбі ол жерге барған адамдардың қайта оралмауы мүмкін екенін алға тартуда. KAZ.NUR.KZ Рамблер сайтына сілтеме жасап, Марста көз жұмған адамның денесімен не болатынын жазады.

Марста қайтыс болған адамның денесі қандай күйде болады

Көрнекі фото: pixabay.com

Миллиардер Илон Маск өз сөзінде Марс планетасында көз жұмғысы келетінін айтқан еді. Оның танымал "SpaceX" компаниясы аталған планетаға ұшып, Жерге қайта оралуды жоспарлап отыр.

Алайда Маск ол жерге кеткен адамдардың қайта оралмауы мүмкін екенін, сол үшін барлығына дайын болғаны абзал екенін алға тартқан.

Басылымның жазуынша, егер адамдар арасында біреу Марсқа жетсе де Жерге оралмай, қызыл планетада көз жұмуы әбден мүмкін.

Сонымен қатар Марста қайтыс болған адамның жансыз денесі ерте ме, кеш пе шіриді екен.

Жерден Марсқа ұшар кезде адамның денесінде болған бактериялар ағза өлген кезде өз жұмысына кіріңр, оны баяу ыдырата бастайды.

Егер дене марсиандық экватор деңгейінде болса, микроорганизмдер оны бірнеше сағатта-ақ жоя салады.

Алайда Марста оқшаулағыш атмосфераның болмауы салдарынан планета тез суып, салдарынан дене салқындап, бактериялар өз жұмысын тоқтады.

Кейін дене құрғап, мумияға айналады мыс.

Сіздің реакцияңыз
2
2
4
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel