RU
Алматы соты Әсел Баяндароваға үкім шығарды

Алматы соты Әсел Баяндароваға үкім шығарды

Рассказать Вконтакте

Сот жала жапты және қорлады деп айыпталған блогер Әсел Баяндароваға қатысты үкім шығарды. Ол қылмыс құрамының жоқтығына байланысты ақталып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әсел Баяндарова сот шешімі бойынша кінәсіз деп танылғаны және енді күдікті емес екенін өз Instagram парақшасында хабарлады.

"Қылмыстық сотталушының жазбалары. Мені кінәсіз деп таныды! Әділетті шешім үшін сотқа және адвокаттарға алғыс білдіремін", - деп жазды Баяндарова.

Сонымен қатар ол өзіне қолдау білдіріп, ақпарат таратуға көмектескен көпшілікке алғыс білдірді.

Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, сот блогерді ҚР Қылмыстық кодексінің 130 және 131-бабында көрсетілген құқық бұзушылықты жасамаған деп тапқан.

Блогерге қатысты істе қылмыстың құрамы анықталмаған.

Айта кетейік, Әсел Баяндарованың оқиғасы 2018 жылы анасын көлік қағып кеткен тұстан басталған. Келіншекті ауруханаға әкелгенде оны ешкімге тіс жармауға көндірген.

Өткен жаздың соңғы айында блогердің жала жапты және қорлады деп айыптап жатқаны белгілі болды.

Содан кейін Әсел Баяндарова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Оның үндеуіне қатысты Алматы полициясы да пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel