RU
10 жасар қыз баланың қаза болуы: Орал әкіміне сөгіс жарияланды

10 жасар қыз баланың қаза болуы: Орал әкіміне сөгіс жарияланды

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласының басшысы Абат Шыныбековке сөгіс жариялады. Аймақ басшысы қала әкімінің жол қозғалысы қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерінің жауапкершілік мәселесін қарастыруы тиіс екенін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абат Шыныбеков. Фото: Inbusiness.kz

Абат Шыныбеков. Фото: Inbusiness.kz

Ғали Есқалиев облыстық мәслихаттың сессиясында атқарушы органдар өкілдерінің 10 жасар қыз қаза болған қайғылы оқиғадан қорытынды шығару керектігін жеткізді.

Мектеп оқушысын дәл жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткен. Аймақ басшысы Оралда кісі өлімімен аяқталған жол апаттарының 41 пайызға өскенін мәлімдеді.

"Қыз бала қаза болған жолға жарық қойылмаған. Жолдар мен облыс орталығының жарықтандырылуына жауапты қала бөлімдері басшыларының жауапкершілік мәселесін қарастыру қажет.
Жобалаушылар мен жол құрылысшылары нысандарды жарықтандырып, жаяу жүргіншілер жолағын салып, содан кейін ғана пайдалануға беруі керек. Полиция департаментінің басшысы жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша барлық талаптардың орындалуына назар аударуға міндетті", – деп мәлімдеді БҚО әкімі.

Еске сала кетейік, 20 қараша күні Оралда белгісіз азамат 10 жасар қызды автокөлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ал Айару Ермек жедел жәрдем келгенше оқиға орнында жан тапсырған. Қазір күдікті қолға түсіп, тергеу изоляторында отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel