RU
Миының жартысы болмайтын адамдардың ағзасында қандай өзгеріс болады

Миының жартысы болмайтын адамдардың ағзасында қандай өзгеріс болады

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Калифорния технологиялық институтының ғалымдары ерекше зерттеу жасап, мидың жартысы болмайтын адамдардың ағзасында қандай өзгеріс болатынын анықтап көрді. Зерттеу нәтижесі ғалымдардың өздерін де таң қалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ tvzvaezda.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Нейробиологтар мұндай зерттеуге кішкентайында эпилепсиядан айықтыру үшін, миының жарты бөлігін алып тастаған адамдарды қатыстырған.

Олардың айтуынша, мұндай ем түрі ешқандай дәрілік препараттар көмектеспеген жағдайда және талып қалу жағдайы жиілей түскенде қолданылады екен.

Зерттеуге жалпы алты адам қатысқан. Бір қызығы нейробиологтар зерттеу нәтижесіне таң қалған.

Олар миларының екі бөлігі бар бір жарым мың адамның МРТ нәтижелері мен әлгі алты адамның нәтижелерін салыстырып, оларда ешқандай өзгеріс байқамағанын жеткізген.

"Зерттеуге қатысқан адамдар мен өзге адамдардың миларының арасындағы ерекшелікті аңғару қиын емес. Себебі олардағы мидың жартысының МРТ кескіні мен сау адамдардың миларының жартысының кескіні бірдей, демек мидың жартысы екінші жартының жоқтығын білдіртпей, оның функцияларын толығымен өзі атқарады деген сөз", - дейді нейробиолог Дорит Климанн.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel