Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленскийдің өзбекстандық "егізі" жайлы не білеміз (видео)

Опубликовано:

Өзбекстанда Украина президентінен айнымайтын Умид Исабоев есімді азамат тұрады. Оған тіпті, кинода Владимир Зеленскийдің рөлін сомдауға ұсыныс түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ca-news.org сайтына сілтеме жасап.

Умид Исабоев. Фото: ca-news.org
Умид Исабоев. Фото: ca-news.org: Facebook

Дереккөздің ақпарынша, Исабоевқа Ресейдің Украина туралы 4-сериялық фильмінде Зеленскийдің рөлін сомдауға ұсыныс түскен. Ол сценарийді оқып шығып, келісім шартқа қол қоюға келіскен.

Бұған дейін Өзбекстан тумасының автокөлік шеберханасында жұмыс істеу үшін Мәскеуге келгені хабарланған.

Оның Украина президентімен тағы бір ұқсастығы, Умид та әзілкеш болуды армандаған екен. Ал сутттері желіде таралған соң, ол бір сәтте танымал боп шыға келен.

Қазіргі таңда Исабоевты телеарна эфирлеріне, жарнама түсірілімдеріне шақыруда.

Ал оның өзі болса "Comedy club" бағдарламасында әзілкеш болуды армандайды екен. Тіпті, Умид Исабоев шоудың продюсері Гарик Мартиросянға жүгініп, өзін бағдарламаға алуын сұрапты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанның Джалал-Абад облысы Созақ ауданы Сафаровка ауылында Ресей президенті Владимир Путиннің "егізі" тұратынын хабарлағанбыз. 34 жастағы ауыл тұрғынын достары, таныстары, жалпы көрген адам Ресей президентіне қатты ұқсатып жатады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1828602-zbekstanda-zelenskijdi-egizi-tryp-zatyr-video/

pixel