RU
Өзбекстанда Хабиб Нурмагомедовтың құрметіне аста-төк дастархан жайылды (видео)

Өзбекстанда Хабиб Нурмагомедовтың құрметіне аста-төк дастархан жайылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтіке желіде Өзбекстанда жүрген UCF жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтың құрметіне жайылған дастарханның видеосы тарауда. Ресейлік спортшыға 12 түрлі тағам ұсынылған деп жазады KAZ.NUR.KZ ca-news.org сайтына сілтеме жасап.

Ғacebook желісінде жарияланған видеодан дастархан басында Хабиб Нурмагомедовтан өзге қонақтарды және Өбекстан президентінің кіші күйеу баласы Отабек Умаровты да байқауға болады.

Ол ресейлік жұлдызға 12 тағамнан тұратын менюді таныстырып жатыр.

Еске сала кетейік, Отабек Умаров жақында ғана Өзбекстанның ережесіз жекпе-жек қауымдастығының басшысы болып тағайындалды.

Сонымен қатар ол қауіпсіздік қызметі басшысының бірінші орынбасары және триатлон федерациясының төрағасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шавкат Мирзияевтің күйеу балалары – Ойбек Тұрсынов пен Отабек Омаровтың Дубайдың тақ мұрагері Хамдан бин Мохаммед әл-Мактуммен бірге дастархан басында отырған суреті желіде пайда болған еді.

Тақ мұрагерінің өзі де Өзбекстанға сапары жайлы видеоны Twitter'дегі парақшасына салып, өзінің құрметіне жайылған дастархан басындағы суретті Instagram парақшасына жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel