Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда референдум өткізу туралы ұсыныс қабылданбады

Опубликовано:

20 қарашада Қазақстанда сайлау және республикадағы саяси партияларға қатысты мәселелерді қайта қарау үшін референдум өткізу туралы ұсыныс жасалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бүгін, 22 қарашада Орталық сайлау комиссиясының бұл ұсынысты қабылдамағаны белгілі болды. Комиссия референдум өткізу туралы бастамашыл топтың құрылғанын куәландыратын нақты деректер ұсынылмағанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін бастамашыл топтың референдум өткізу туралы ұсыныс білдерігенін хабарлағанбыз.

Бастамашыл топ өкілдері Ысқалиев, Әбдіқалықова, Дәрібеков Орталық сайлау комиссиясының қарауына бастамашыл топты тіркеу үшін референдумға ұсынатын мәселелер жиынтығын ұсынды.

10 қарашадағы отырысының хаттамалары, референдумға ұсынылған сұрақтар мен олардың деректері көрсетілген бастамашыл топ мүшелерінің тізімі:

1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, оның ішінде бір мандатты округтерде сайлау жүйесін енгізуді және пропорционалды жүйемен дәл солай байланысты түзетулер енгізу";

2) "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, оның ішінде партияны мемлекеттік тіркеуден өткізу кезінде қырықтан бір мың адамға дейін азайтып, түзетулер енгізу".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828605-kazakstanda-referendum-tkizu-turaly-synys-kabyldanbady/

pixel