RU
Алматыда жоғалған балалар үйінің тәрбиеленушісі табылды

Алматыда жоғалған балалар үйінің тәрбиеленушісі табылды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада жоғалған балалар үйінің 11 жасар тәрбиеленушісі Артур Федоров табылды деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарламасында көрсетілгендей, бала табылды, қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұдан бұрын Артурдың жақында ата-анасынан айырылғаны, сол себепті қазіргі уақытта "Жанұя" балалар үйіне орналастырылғаны белгілі болды. Алайда, баланың әпкесі демалыста оны үйіне алып кетіп отырған.

Оның айтуынша, өткен демалыс күндері Артурды үйіне алып кеткен. Ал балалар үйне қайтатын кезде жеткіншек қашып кеткен. Содан кейін оның туысы көмек сұрап, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Артурдың қайтадан балалар үйіне жіберілетіні белгілі болды.

Полиция өкілдері баланы іздеу жұмыстарына шамамен 200 адам жұмылдырылғанын мәлім етті. Атап айтқанда, іздестіру шараларына тәртіп сақшыларынан бөлек, еріктілер мен "Қоғам" қоғамдық қорының волонтерлары атсалысқан.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының полиция департаменті Артурдың жоғалып кеткені туралы арыздың оңтүстік астананың ювеналды полициясына 17 қараша күні түскенін мәлім етті. Сондай-ақ жоғалған бала туралы ақпараттар әлеуметтік желіде пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel