RU
Тоқаев борышын өтеу кезінде қаза тапқан әсерилердің рухына тағзым етті (фото)

Тоқаев борышын өтеу кезінде қаза тапқан әсерилердің рухына тағзым етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қорғаныс министрлігінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Akorda.kz

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысына оқу-жаттығулардың негізгі міндеттері мен кезеңдері туралы мәлімет берілді. Аталған оқу-жаттығулары қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының қорғаныс жүйесі мен әскери қауіпсіздігін сақтау мақсатында ведомствоаралық іс-қимылдарды нығайтуға бағытталған.

Фото: Akorda.kz

Фото: Akorda.kz

Оқу-жаттығу барысында елімізге төнетін сыртқы қатерлерді болдырмау үшін әскери және әскери емес сипаттағы мемлекеттік шараларды жүзеге асыру мәселелері пысықталды.

Фото: Akorda.kz

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы әскери қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ, қорғаныс жүйесі алдындағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдарды дайындау шараларын жолға қою жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Фото: Akorda.kz

Фото: Akorda.kz

Оқу-жаттығу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өздерінің әскери борыштарын атқару кезінде қаза тапқан Қазақстан армиясының сарбаздары мен офицерлерінің рухына тағзым етті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel