RU
Алты баланы өлтірген леопардтар тұтас бір елді мекенді үрейде ұстап отыр

Алты баланы өлтірген леопардтар тұтас бір елді мекенді үрейде ұстап отыр

Рассказать Вконтакте

Леопардтар бір жылдан астам уақыт бойы Непалдағы Бхану елді мекенінің тұрғындарын үрейде ұстап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Аталған аймақта жыртқыш аңдар 18 ай ішінде алты баланы өлтірді, тағы жетеуі жарақат алған. Соңғы рет леопардтар елді мекенге қазан айында шапқан. Жабайы мысық жеті жасар баланы бас салып, 400 метрдей қашықтыққа сүйреп әкеткен. Ал одан бірнеше апта бұрын үйінің ауласында ойнап жүрген үш жасар бала қаза тапты.

Әбден үрейлері ұшқан елді мекен тұрғындары балаларын далаға шығамай, үлкендердің қарауынсыз мектепке жібере алмай отыр. Қараңғы батысымен мұнда есік-терезелер жабылып, құлыптанады.

"Күн батқаннан кейін далаға шықпаймыз. Леопарттар тағы да шабуыл жасай ма деп қорқамыз", – дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Бір жарым жыл ішінде Бхану маңынан үш леопардтың денесі табылды. Шамасы, оларды ашынған тұрғындар атып өлтірген көрінеді. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар жыртқыштарға арнап тұзақ құратын болған. Билік өкілдері де осындай амал қолдануда. Қазан, қараша айларында тұзаққа ұш леорард түскен.

Айта кетейік, Филиппиннің Палаван провинциясында қолтырауын 12 жасар қызды жеп қоя жаздады. Абырой болғанда, оның 15 жастағы ағасы батылдық танытып, қарындасын жыртқыштың аузынан аман алып қалды.

Сіздің реакцияңыз
1
4
3
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel