RU
"Сонда біз кімбіз?": Шымкентте бір топ әйел әкімдік ғимаратында түнеп шықты

"Сонда біз кімбіз?": Шымкентте бір топ әйел әкімдік ғимаратында түнеп шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында 20 шақты әйел адам әкімдік ғимаратынан шығудан бас тартып, сонда қонып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр, КТК

Видеодан кадр, КТК

Телеарна мәліметінше, 21 қарашада Ашық есік шарасын ұйымдастырған әкімдікке адам көп келіп, 30-дан аса адам кіріп үлгермепті.

Олардың басым көпшілігі – баспана мәселесімен келгендер екені анықталды.

Пәтер жалдап тұратын олар жағдайы жоқ екенін айтып мемлекеттен үй сұрауға дәмелі болған.

"1 ші қаңтарға дейін тұрып жатқан пәтерімді босатуым керек. Менің қасымда үй бар, ЖКХ алып қойған, үкіметтің үйі де бос тұр. Соны сұрауға келгем. Таңғы тоғызда келгенмін, үйде мүгедек балаларым қалды. Жаңа онға жақын әкім қабылдаймыз деп, қабылдамай, шығып кетті. Сонда біз кімбіз?" - деді көп балалы ана Гүлназ Маханова.

Телеарна мәліметінше, ашуға булыққан әйелдер кіреберістегі диван-креслоларды жатуға ыңғайлап, әкім қабылдағанша "орнымыздан қозғалмаймыз" деп шарт қойған.

Шымкенттің бас ғимаратындағы жағдай шиеленіскен сайын полиция қызметкерлері көбейіп, жарықты да сөндіріп тастады.

Түнде мәселені шешу үшін қала әкімінің орынбасары арнайы келгені белгілі болды.

"Биыл  үй кезегін беретін үйлеріміз жоқ. Дегенмен де 2020 жылға көпбалалы аналарға салынып жатқан үйлер өте көп. Ендігі жылда тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бүгін енді кезегіне қарап, кезегі келген азаматтарға үйін береміз, көпбалалы аналарға", - деді Бұхарбай Парманов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
4
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel