RU
Оралда үш жастағы қызды жүргізуші көлігімен екі рет басып өткен

Оралда үш жастағы қызды жүргізуші көлігімен екі рет басып өткен

Рассказать Вконтакте

Орал қаласында ауыр жарақат алған үш жастағы бүлдіршін жарты айдан бері ауруханада жатыр. Ол ашық бас сүйек зақымын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Мой город басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Басылым мәліметінше, баланың ата-анасы жол көлік оқиғасының куәгерлерін іздестіруде.

Оқиға қаладағы "Мерей" базарының көлік тұрағында сегінші қараша күні орын алыпты.

Қазіргі уақытта бүлдіршіннің жағдай өте ауыр. Ол ауруханада үзбей ем қабылдауда.

Баланың әкесі оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді.

"Жұбайым қызымды ертіп көлік тұрағында келе жатқан. Кенет тұраққа жоғары жылдамдықпен Toyota Avensis маркалы автокөлік кіріп келді. Ол менің қызымды қағып қана қоймай, оны басып кетті. Содан ол біраз тоқтап тұрып, қайта артқа беріп, қызымды екінші рет автокөлігімен басты. Біз бұл күнді ешқашан ұмытпайтын шығармыз. Бір кезде көлік жүргізушісі далаға шығып, жай ғана қарап тұрды. Екі күн өткен соң ғана кешірім сұрап келіп тұр", - деді ол.

Одан бөлек, қыздың әкесі баласының екі аптадан бері ауруханада жатқандығын алға тартты.

Оның сөзінше, қолында көлік тұрағында түсірілген бейнежазба бар. Алайда ол жерде болған оқиға видеодан дұрыс көрінбейді екен.

Ер азамат оқиға куәгерлерін іздестіріп жатқанын білдірді.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті осыған байланысты пікір білдірді.

"37 жастағы Toyota Avensis маркалы көлікті мінген ер азамат 2016 жылғы баланы автотұрақта қағып кеткен. Оқиға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалды. Жол апатынан жарақат алған бүлдіршін жан сақтау бөліміне жеткізілген", - деді ведомство 
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel