RU
Аймағамбетов екі мыңнан астам мектептің ауласындағы дәретханаларды жабуды ұсынды

Аймағамбетов екі мыңнан астам мектептің ауласындағы дәретханаларды жабуды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің мектептеріндегі далада орналасқан дәретханаларды жабуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Министрдің мәліметінше, Қазақстанда дәретханасы далада орналасқан 2 352 мектеп бар.

Осындай білім беру нысандары 60% Түркістан облысында, 54,6% Алматы облысында, 44% Батыс Қазақстан облысында және 43% Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облыстарында.

Осы мәселеге байланысты Аймағамбетов мектептердің біліктілік талаптарын қайта қарауды ұсынды.

"Бізге білім беру нысандарына қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарап, санитарлық ережелер мен нормаларда даладағы дәретханалар мүлдем болмауы тиістігі жазылу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жүгіну қажет шығар. Мұндай жағдайда жергілікті атқарушы органдар мектеп лицензиясы болуы үшін, мектеп жұмысын одан ары жалғастыруы үшін шынымен де шынайы шаралар қабылдауға мәжбүр болады,- деді ол.

Аймағамбетов бұл мәселеге қатысты нақты жол картасы болуы тиістігін айтты.

"Бір күннің ішінде ешкім де жылы дәретхана сала алмайды. Шалғайда орналасқан елді мекендер бар. Дегенмен, проблеманы шешу қажет", - деді білім және ғылым министрі.
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel