RU
Елордада аязды күні баланы автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмыстан қуылды

Елордада аязды күні баланы автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмыстан қуылды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласы мен Қосшы ауылы арасында қатынайтын автобустың жүргізушісі аязды күні баланы түсіріп кеткені үшін жұмыстан қуылды. Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Олжабаева мәлімдемені Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша №1 автобус паркінің басшысы Пулатовқа қатаң сөгіс жарияланды.

"Аязды күндері кәмелетке толмаған баланы тастап кеткен қала маңына қатынайтын бағдардағы автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды. Барлық автобус парктерінің жүргізушілеріне осындай жағдайлардың алдын алу тапсырылды, қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау күшейтілді", - деді Нұр-Cұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Еске сала кетсек, соңғы аптада Нұр-Сұлтанда күн күрт суып кетті. Елорданың қытымыр қысы қаһарына мінді. Жақында қала көшелерінің бірінде қызық жағдай орын алды.

Күннің суықтығына қарамастан, жеңіл жейдемен жүрген ер адамның әрекеті жұртты таңқалдырды.

Сіздің реакцияңыз
10
0
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel