RU
Қостанайда қоқыс жәшігінен сәбидің өлі денесі табылды (фото, видео)

Қостанайда қоқыс жәшігінен сәбидің өлі денесі табылды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қостанай тұрғындары қаладағы қоқыс тастайтын жерде адамшошырлық жағдайға тап болды. Олар қоқыс жәшіктерінің бірінен сәбидің өлі денесін тауып алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жантүршігерлік оқиға жайындағы хабарлама полиция бөліміне бүгін келіп түскен. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі мәлімдеді.

Басылымның ақпаратына сәйкес, нәрестенің денесі қоқыс жәшіктерінің бірінде жатқан. Адам сенгісіз оқиға Аэропорт шағын ауданында орын алған.

Полиция құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына куәгерлер қоңырауынан кейін бірден шығып кеткенін мәлімдеді. Қайғылы жағдай орнына жеткенде тәртіп сақшылары сәбидің көз жұмғанын анықтады.

Полиция департаментінің хабарлауынша, құзырлы орган оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастап кеткен. Полицейлер қайтыс болған нәрестенің анасын іздестіріп жатыр.

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері болған қайғылы жағдайдың анық-қанығын анықтауға кірісті.

Қазіргі таңда, тәртіп сақшылары үй қасында орналасқан аулаларды аралап, жергілікті тұрғындардан жауап алып жатқаны белгілі. Оған қоса, полицейлер бейнебақылау камераларының жазбасын жіті зерттеуде.

Сәби өлімінің уақыты мен себебін анықтау үшін арнайы экспертиза жасайтын мамандар жұмылдырылды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel