RU
Мінсіз мүсінін паш еткен Айнұр Нұрсейітова ерлер қауымын естен таңдырды

Мінсіз мүсінін паш еткен Айнұр Нұрсейітова ерлер қауымын естен таңдырды

Рассказать Вконтакте

Instagram желісінде нағыз жұлдызға айналған Айнұр Нұрсейітова қалың көпшілікке талдырмаш мүсінін көрсетті. Үш мәрте тұрмыста болған арудың мінсіз бейнесі ерлерді естен таңдырып, қыз-келіншектер қауымын да бей-жай қалдырмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әпкелі-сіңілі Нұрсейітовалар үнемі ел аузында жүрген арулар. Олардың әрқайсысының тек өзіне тән сұлулығы мен ерекше стилі бар. Ер азаматтар оларға тамсана ғашықтығын білдіріп жатса, әйелдер қауымы танымал бикештерді өзі үлгі етуде.

Бұл жолы елдің қызу талқысына Айнұр Нұрсейітова түскен. Көпшілік желі жұлдызының талдырмаш мүсінін паш еткен фотосессиясына тәнті болған.

Желі қолданушылары осыған дейін үш рет ажырасқан әрі бүгінде екі баланың анасы болып отырған арудың мінсіз дене бітіміне таңырқай қарауда. Оған қоса, Айнұрдың оқырмандары соңғы кездері оның қатты арықтап кеткенін байқап қалды.

"Тамаша, өз жасыңызда мынадай мінсіз мүсінге ие болу - шеберлік" , "Еш мін жоқ, сұлусыз" , "Өте әдемісіз, мына образдарыңыз ерекше екен" , "Сұлулығыңызға шек жоқ. Ғашықпын" , "Сіз сияқты мінсіз болғым келеді" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
19
4
4
1
2
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel