RU
Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі өндірген зертхана анықталды (видео)

Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі өндірген зертхана анықталды (видео)

Рассказать Вконтакте

Елордалық полиция қызметкерлері жеке секторда "жылдамдықә және "Амфетамин" деп аталатын синтетикалық есірткі жасап, сатуға дайындаған зертхананы анықтады. Есірткі өндірісін Екібастұз қаласының тұрғыны ұйымдастырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кадр из видео/Zakon.kz

Кадр из видео/Zakon.kz

Министрліктің мәлімдеуінше, күдікті жалға алған тұрғын үй-жайды тінту кезінде синтетикалық есірткі өндіру үшін пайдаланылатын химиялық заттар, психотроптық заттар салынған колбалар, химиялық формулалар жазылған дәптерлер, өлшеу таразылары мен газқағарлар, сондай-ақ есірткі дайындау кезінде қолданған жеке химиялық қорғау костюмі алынды.

Сондай-ақ, жедел қызметкерлер сатуға дайындалған 1500-ден астам бір реттік есірткі мөлшерін алды.

Мамандар синтетикалық есірткі өндіру кезінде химиялық реакциялардың ерекшеліктеріне байланысты өздігінен жану, жарылыс қаупі бар екенін атап айтты. Бөлінетін күйдіргіш газ адамның денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін.

Сондықтан зертхананы жоюды ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері химиялық қорғау киімдерімен жүзеге асырды.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол жалға берушіге өткір иісті автомобильдерге бояу жасайтындығымен түсіндірген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel