RU

Қазақстан өңірлерінде боран мен көктайғақ күтілуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

24 қарашада, жексенбі күні республикамыздың басым бөлігі фронталды аумақтың ықпалында болмақ. Оңтүстікте жауын-шашын мен қар жауса, батыста жаңбырсыз ауа райы сақталмақ. Кей кездері тұман, көктайғақ, боран мен желдің күшеюі орын алады деп күтілуде деп жазады KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысында тұман мен көктайғақ күтіліп, Жалаңашкөл ауданындағы желдің күшеюі 17-22, секундына 25 метрге дейін жету мүмкін.

Түркістан облысында кей кездері тұман, көктайғақ, боран болып, күндіз желдің күшеюі секундына 15-20 метрге дейін болмақ.

Шығыс Қазақстан облысында боран күтілуде. Оған қоса, бұл өңірде жел секундына 15-20 метрге дейін жетіп, күшейе түспек.

Ақмола облысында кей кездері боран болып, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл мен Қостанай облыстарында тұман мен көктайғақ күтілуде. Сонымен қатар, Жамбыл облысында боран орын алмақ.

СҚО-да кей кездері тұман мен боран күтілуде. Қарағанды облысында күндіз көктайғақ пен боран болады. Атырау мен Ақтөбе облыстарында тұман орын алады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан өңірлерінде боран мен көктайғақ күтілуде
Mailfire view pixel