RU
Алматыда екі азамат ұялы телефон сатушысынан миллион теңге талап еткен

Алматыда екі азамат ұялы телефон сатушысынан миллион теңге талап еткен

Рассказать Вконтакте

Алматыда екі азамат ұялы телефондар сатумен айналысатын ер адамға қоқан-лоққы көрсетіп, одан миллион теңге талап еткен. Оңтүстік астананың тәртіп сақшылары 37 жастағы кәсіпкерді бопсалаған екі азаматты тұтқындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Арыз жазушы жігіттің сөзінше, өзі танымайтын екі бөтен азамат оған күш көрсете қорқытып, қорғаушылық үшін бір миллион теңге көлеміндегі қаржы талап еткен.

"Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасында оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу материалы тіркелген. Іс Қылмыстық Кодекстің 389 бабы, үшінші бөлімі бопсалау бойынша жүріп жатыр.

Кеше кешкі уақытта арнайы бөлім жауынгерлерінің көмегімен күдіктілерді ақшаны алып жатқан сәтінде ұстауға бағытталған арнайы операция іске асырылыды. Олар - Б есімді азамат, 1992 жылы туған, бұған дейін сотталған. Ол бөтен адам мүлкін ұрлау мен бопсалау бойыншы істі болған. Екіншісі, Б. есімді азамат. Ол 1995 жылы дүниеге келген. Бұған дейін "қарақшылық шабуыл" мен "тонау" баптары бойынша сотталған.

Екеуі де Алматы облысынан болып шықты. Жеке тінту шаралары барысында олардын қаржы тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Тергеу жалғасып жатыр" , - деді Алматы қаласы ПД криминалды полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel