RU

Деонтей Уайлдер қарсыласын нокаутқа жіберіп, чемпион атағын 10 рет қорғады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

34 жастағы Деонтей Уайлдер WBC дәрежесі бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін болған жекпе-жекте Луис Ортисты жеңіп кетті. Америкалық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберіп, әлем чемпионы белбеуін оныншы рет сәтті қорғап шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

Қос боксшы арасындағы реванш Лас-Вегас қаласын өткен. Екеуінің арасындағы алғашқы жекпе-жекте де Деонтей Уайлдер жеңімпаз атанған болатын. Бұл жолы америкалық спортшы жетінші раугдта жойқын соққысымен қарсыласын нокаутқа жіберді.

Айта кетерлігі, алтыншы раундқа дейін төрешілер есебі бойынша 58:56 болып Ортис жеңіп келе жатқан.

Уайлдер осымен чемпион атағын оныншы мәрте қорғап отыр. Енді ол алдағы уақытта Тайсон Фьюримен болатын титулды жекпе-жекке дайындалмақ. Олардың арасындағы кездесу 2020 жылдың 22 ақпанына жоспарланып қойылған.

Деонтей Уайлдер мансабында 42 жекпе-жек өткізіп, оның 51 кездесуін нокаутпен аяқтады. Оған қоса, америкалық боксшының бір жекпе-жегі тең есеп болып қалған. Ортистің статисткасы 35:2. Екі жеңілісті де ол Уайлдерден тапты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Деонтей Уайлдер қарсыласын нокаутқа жіберіп, чемпион атағын 10 рет қорғады
Mailfire view pixel