RU
Қостанайдағы сәбидің өлімі: Жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың деректер шықты

Қостанайдағы сәбидің өлімі: Жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың деректер шықты

Рассказать Вконтакте

Қостанай қаласында қоқыс жәшігінен табылған нәрестені құтқаруға мүмкіндік болмады. Дәрігерлер сәбиді неліктен аман алып қала алмағанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алау басылымына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем қызметі оқиға орнына хабар түскеннен кейін жеті минутта жеткен.

"Қоқыс жәшігінде енді ғана туған ұл жатты, оның басы пакетпен оралған болды. Нәресте "клиникалық өлім" жағдайында еді. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысты, алайда мүмкін болмады. Нәрестенің денесі мәйітханаға жеткізілді", - деп мәлімдеді ведомство.

Еске сала кетсек, кеше сәбидің денесін қоқыс жәшігінен Қостанай тұрғыны тауып алды.

Полиция құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына куәгерлер қоңыраунан кейін бірден шығып кеткенін мәлімдеді. Қайғылы жағдай орнына жеткенде тәртіп сақшылары сәбидің көз жұмғанын анықтады.

Полиция департаментінің хабарлауынша, құзырлы орган оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастап кеткне. Полицейлер қайтыс болған нәрестенің анасына іздестіріп жатыр.

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері болған қайғылы жағдайдың анық-қанығын анықтауға кірісті.

Қазіргі таңда, тәртіп сақшылары үй қасында орналасқан аулаларды аралап, жергілікті тұрғындардан жауап алып жатқаны белгілі. Оған қоса, полицейлер бейнебақылау камераларының жазбасын жіті зерттеуде.

Сәби өлімінің уақыты мен себебін анықтау үшін арнайы эспертиза жасайтын мамандар жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
12
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel