3 адам қаза тапты: Нұр-Сұлтанда қайғылы жол апаты орын алды
Елордада жантүршігерлік жол апаты орын алды. Соның салдарынан үш адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Қайғылы жағдай туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, оқиға 24 қарашада таңғы 06.45-те орын алды.
"Қабанбай батыр даңғылы бойында болған жол апаты фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, "ВАЗ-21099" маркалы көліктің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен Мәңгілік ел даңғылына қарай келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан "Toyota Camry"-мен соқтығысқан", - деп мәлім етті полиция.
Алдын ала мәлімет бойынша, "ВАЗ-21099" көлігінің 19 жастағы жүргізушісі мен оның 22 және 36 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ ауруханаға осы көлікте болған тағы бір адам мен "Toyota Camry" жүргізушісі жеткізілген.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті соңғы үш күнде елордада 800-ге жуық жол ережесін бұзған оқиғалар тіркелді.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
6
0
0
0
Тағы да оқыңыздар