RU
Тек әйелдерге берілетін ипотеканың шарттары белгілі болды

Тек әйелдерге берілетін ипотеканың шарттары белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Жаңа бағдарлама аясындағы әйелдерге арналған ипотеканың бастапқы жарнасы 15-20 пайыз болады. Қарыз жаңа үйге де, біреудің пәтерін сатып алуға да беріледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мәліметінше, берілетін кредиттің ең көп сомасы 30 миллион теңгені құрайды.

Бастапқы жарна:

  • 15%, табыс 200 мың теңгеден аз болса (516 доллар);
  • 20%, табыс 200 мың теңгеден көп болса.

Басылым дерегінше, қарыз бойынша пайыздық үстемақы мөлшері белгісіз.

Қазіргі уақытта тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ең жоғары үстемақы - 8,5%-ды құрайды.

Айта кететін жағдай, екінші деңгейдегі банкте ешбір бағдарламаға қатыспай, нарық шартына сәйкес, салымшы кредит алу үшін пәтер құнының тең жартысын жинау керек.

Аталған кредит төрт мыңға жуық әйелге беріледі деп жоспарлануда.

Азия даму банкі "Гендерлік теңдікке тұрғын үйді қаржыландыруда жәрдемдесу" жобасы барысында тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 38 миллиард теңге (100 миллион доллар) кредит береді.

Бұл ипотека туралы тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова пікір білдірді.

Оның сөзінше, бұндай жоба Азияда бірінші рет жүзеге аспақ.

"Әйелдер әлі де ерлер алатын жалақының үштен бір бөлігін ғана алады. Табыстың төмен болуы әйелдерге пәтерге кредит алудың қиынырақ екенін көрсетеді. Сондықтан біз Азия даму банкімен бірлесе отырып, еліміздегі әйелдерге қолдау көрсетуді жөн деп шештік. Азияда мұндай жоба алғаш рет қолға алынып отыр", - деді тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқармасының төрағасы.
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
0
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel