RU
Шымкент-Сарыағаш тас жолындағы апаттан 15 адам зардап шекті

Шымкент-Сарыағаш тас жолындағы апаттан 15 адам зардап шекті

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде бірнеше көліктің қатысуымен орын алған жол апатының видеосы тарады. Видео авторы оқиғаның Түркістан облысындағы Шымкент-Сарыағаш тас жолында болғанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/instagram/Kris_p_kz

Видеодан кадр/instagram/Kris_p_kz

Видео Instagram желісіндегі Kris_p_kz тобында жарияланды.

Кадрдан бірнеше көліктің соқтығысып тұрғанын, ішіндегі жеңіл көліктің бірі өртке оранғанын байқауға болады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бір бағытта кетіп бара жатқан 4 көліктің қатысуымен жол апаты орын алған.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Zakon.kz басылымының дерегінше, облыстық денсаулық сақтау басқармасы жол апатынан 15 адам зардап шеккенін жеткізген.

Келеңсіз жағдай Қазығұрт ауданында болған.

14 жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілген. Олардың жетеуі жансақтау бөліміне, үшеуі травматологияға жатқызылған

Осыған байланысты "Қазавтожол" ҰК" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Көліктің тежегіші істен шықты деген болжам жасалып отыр. Салдарынан машина Daewoo Nexia маркалы көліктермен соқтығысты. Hyundai Accent өртенді", - деді ведомство.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
9
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel