Выйти
RU

Мексикалық қақпашы өз қақпасы маңынан гол соқты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Чивас Гвадалахара" клубының қақпашысы Хосе Родригес Мексика чемпионатының соңғы турында таңғажайып гол соқты. Нәтижесінде оның клубы "Веракрус" командасын 3:1 есебімен тісе бүктірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

"Чивас Гвадалахара" мен "Веракрус" арасындағы ойын тартысты өтті.

Ойынның 93 минутына дейін, есеп 2:1 болған.

Осы кезде қарсылас қақпашысының өз айып алаңынан шығып кеткенін байқаған Хосе Родригес алыстан гол соқты.

Нәтижесінде "Веракрус" командасы Мексика чемпионатының соңғы турында 3:1 есебімен жеңіліске ұшырады.

Ал қақпашының таңғажайып голы алаң иелеріне үш апай сыйлап, "Чивас Гвадалахара" оныншы орынға табан тіреді.

Айта кетейік, Хосе Родригес 2012 жылғы Лондон олимпиадасында құрамасының намысын қорғаған танымал қақпашылардың бірі болып табылады. Ол отызыншы жазғы олимпиадада Мексикамен бірге атын медаль иеленді.

Осыған дейін, пенальтиді қайтарғанына қуанған қақпашы жүрек талмасынан көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Қайғылы жағдай Аргентинада орын алды.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мексикалық қақпашы өз қақпасы маңынан гол соқты