RU
Шымкенттегі 15 адам зардап шеккен жол апаты: Оқиға орнынан видео пайда болды

Шымкенттегі 15 адам зардап шеккен жол апаты: Оқиға орнынан видео пайда болды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында төрт көліктің қатысуымен орын алған жол апатынан 15 адам әр-түрлі жарақат алды. Сондай-ақ, жеңіл көліктің бірі оқиға салдарынан жанып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Жол көлік апаты Шымкент-Сарыағаш тас жолында орын алды.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны Sputnik Қазақстан басылым жариялады.

"ҚазАвтоЖолдың" хабарлауынша, 15 адам ауруханаға жеткізілген. Жол апаты салдарынан қаза болғандар жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai көлігінің тежегіші істен шыққан.

Нәтижесінде машина Daewoo Nexia маркалы көліктермен соқтығысты.

Ал Hyundai Accent оқиға орнында өрте оранды.

Төртінші көлік те осы бағытпен жүріп келе жатқан. Апатты көрген жүргізуші рөлді бұрып, жолдағы қоршауға соғылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккендердің жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетсек, Түркістан облысының Қазығұрт ауданында бірнеше көліктің қатысуымен жол көлік апаты орын алғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel