RU
Ержан Максим "Балалар Евровидениесінде" екінші орын алды (видео)

Ержан Максим "Балалар Евровидениесінде" екінші орын алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық жас әнші Ержан Максим Польшада өткен "Балалар Евровидениесінде" өнер көрсетіп, екінші орын иеленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жас талант Польшаның Гливице қаласында өткен "Балалар Евровидениесі 2019" байқауында Қазақстанды таныстырды.

Ол шоудың ортасында сахнаға 10-нөмірмен шығып, "Арманыңнан қалма" ("Don't forsake your dream") әнін орындады.

Дауыс беру нәтижесі бойынша, отандасымыз 227 балл жинап, екінші орынды иеленсе, бірінші орынды 278 балмен польшалық қатысушы Виктория Габор жеңіп алды.

Ал үшінші орын Испанияның намысын қорғаған Мелани Гарсияға бұйырған.

Жалпы "Балалар Евровидениесінде" 19 мемлекеттің өнерпаздары бақ сынады. Байқауды Австралиядан келген қатысушы ашып, сербиялық орындаушы тәмамдады.

Ержан Максим. Скриншот: khabar.kz

Ержан Максим. Скриншот: khabar.kz

Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет бұл беделді ән байқауына 2018 жылы қатысқан. Ол кезде 12 жастағы Данэлия Тулешова "Өзіңе сен" әнін орындап, алтыншы орын иеленген еді.

Ал Ержан Максим "Голос. Дети" музыкалық байқауының алтыншы кезеңінің жеңімпазы ретінде танымал. Ол 2007 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Төрт жасынан бастап ән айтады.

Бүгінде жас талант Ресей астанасы Мәскеуде білім алуда.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel