RU
Тоқаев "Балалар Евровидениесінде" екінші орын алған Ержан Максимді құттықтады

Тоқаев "Балалар Евровидениесінде" екінші орын алған Ержан Максимді құттықтады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Балалар Евровидениесінде" екінші орын иеленген Ержан Максимді құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент құттықтау сөзін өзінің Twitter парақшасында жариялады.

"Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!" ,- деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Максим "Балалар Евровидениесінде" екінші орын иеленді. Ол шоудың ортасында сахнаға 10-нөмірмен шығып, "Арманыңнан қалма" ("Don't forsake your dream") әнін орындады. Дауыс беру нәтижесі бойынша, отандасымыз екінші орынды иеленсе, бірінші орын польшалық қатысушыға бұйырды.

Қазақстан алғаш рет бұл беделді ән байқауына 2018 жылы қатысқан. Ол кезде 12 жастағы Данэлия Тулешова "Өзіңе сен" әнін орындап, алтыншы орын иеленген еді.

Ал Ержан Максим "Голос. Дети" музыкалық шоуы 6-кезеңінің жеңімпазы ретінде танымал. Ол 2007 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Төрт жасынан бастап ән айтады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel