RU
Қазақстандық жігіт Дональд Трамптың мәртебелі мейманы болды (видео)

Қазақстандық жігіт Дональд Трамптың мәртебелі мейманы болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық азамат Дәулет Төлеубаев АҚШ президенті Дональд Трамптың қонағы болды. Ол АҚШ-та белді спорт түрі саналатын гольфты шебер ойнап, көзге түскен екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Скриншот: Хабар 24

Скриншот: Хабар 24

Дәулет Төлеубаев Стэнфорд университетінің гольфшылар командасында ұлттық университеттік спорт қауымдастығының чемпионы атанған. Бүгінде бұл қауымдастыққа АҚШ пен Канаданың ЖОО мен колледждері мүше.

Дональд Трамп болса, Стэнфорд университеті командасының жеңісіне тәнті болған екен. Ал білім ордасы ойыншыларының 12 жылдан кейін қауымдастық чемпионы атануына Дәулет Төлеубаев себепкер болыпты.

"Бұл Америка колледждері арасында өткен турнир еді. Мен командамыздағы бес гольфшының бірі болдым. Төрт күндік ойыннан кейін біз 1:1 матчына көшеміз. Жартылай финал менің соңғы матчым болды. Біз есепті 2/2 етіп, теңестірдік. Соңғы сәтте мен командама жеңіс сыйлап, ақтық сынға жолдама алдық. Сөйтіп, біз жеңіп кеттік. Әрине, бұл менің ғана жеңісім емес. Командамыздың әр мүшесі өз үлесін қосты. Бірақ мен көмектестім. Ол рас", - дейді Стэнфорд университетінің студенті, NCAA чемпионы Дәулет Төлеубаев.

Ал жаттықтырушы қазақ баласының шеберлігі мен ептілігін атап өтті. Дәулет өзінің қырағылығы арқасында командасын сақтап қалады екен.

"Дәулет өте еңбекқор. Ол Стэнфорд сияқты әлемдік деңгейдегі оқу орнында білім ала жүріп, өзін жан-жақты көрсетіп келеді. Қазақстанның өкілі біздің құрметті студенттеріміздің бірі. Оның әлеуеті зор.
Президент Дональд Трамп та қауырт жұмысына қарамастан, уақытын спортқа, командалар мен жеңімпаздарға бөліп отыр. Өзі де гольфшы ғой. Бұл бізді байланыстырады", - деді Стэнфорд университеті гольф командасының жаттықтырушысы Конрад Рэй.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel