Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жөтелі қозған қытайлық қыз 10 қабырғасын сындырып алды

Опубликовано:

Түні бойы жөтелі қозған қытайлық ару 10 қабырғасын сындырып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Басылымының ақпарынша, оқиға Қытайдың Чжэцзян провинциясында орын алды. Демікпенің кесірінен түні бойы жөтелі қозған 20 жастағы қыз кеудесінің сол жақ тұсы қатты ауыратынын айтып, дәрігерлерге жүгінген.

Рентгенге түсіргеннен кейін оның үздіксіз жөтелдің кесірінен 10 қабырғасын сындырып алғаны анықталды.

Зерттеулер көрсеткендей, бойжеткеннің қанында кальций мен фосфордың мөлшері тым аз болғандықтан оның сүйектерінің тығыздығы қатты төмендендеп кеткен. Сондай-ақ науқсатың ағзасында D дәруменінің жетіспеушілігі байқалған.

Ағзада аталған дәруменнің жетіспеушілігіне қыздың теріні ағартуға деген ниеті себеп болған. Ол жыл бойы терісіне күннен қорғайтын крем жағып, далаға көп шықпауға тырысқан екен. Соның әсерінен бойжеткеннің терісі ультракүлгін сәулелерін сіңірмеген.

Осылайша, сылқым қыздың сұлулыққа тым әуестенуі оның иммунитетінің төмендеуіне әкеліп соққан.

Жалпы күн салқындаған соң балалардың суықтап, жөтеліп қалатыны бар. Мұндайда баланы айналадағы инфекциялардан алыстату қиын.

Осындайда сәбиіңіздің ағзасын дәрісіз-ақ қалай емдеуге болатынын сілтемеден оқыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1828779-zteli-kozgan-kytajlyk-kyz-10-kabyrgasyn-syndyryp-aldy/

pixel