RU
Аргентиналық жанкүйер тұңғышына Головкиннің есімін берді (фото)

Аргентиналық жанкүйер тұңғышына Головкиннің есімін берді (фото)

Рассказать Вконтакте

Аргентиналық бокс жанкүйері тұңғыш ұлының есімін IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің құрметіне қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жаңалықпен сәбидің әкесінің бауыры Twitter парақшасында бөлісіп, туу туралы куәліктің суретін жариялады. Баланың толық аты-жөні – Геннадий Микеас Асеведо. Ол 2017 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келген.

"Сәлем, құрметті GGG, менің бауырым Густаво Асеведо өзінің тұңғыш ұлының есімін сенің құрметіңе қойғанын айту үшін жазып отрмын. Ол сенің жанкүйерің, сенің бүкіл жекпе-жектеріңді үзбей көреді. Сенің оған хат жазғаныңды қалар едім", – делінген аргентиналықтың Головкинге жолдаған жазбасында.

Еске сала кетейік, былтыр Мексикада тұратын ерлі-зайыптылардың тұңғыш ұлдарына Геннедий Головкиннің есімін бергенін жазған едік.

Бұл ақпарат Головкиннің ВКонтакте парақшасында жария болған.

Аталған мексикалық жұп Головкиннің Ванес Мартиросянмен кездесуі қарсаңында өткен баспасөз жиынына ұлымен бірге келіп, боксшымен суретке түсуді сұраған екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel