RU
Танымал отандық футболшы Елдос Ахметовтың жүрегін жаулаған ару кім (фото)

Танымал отандық футболшы Елдос Ахметовтың жүрегін жаулаған ару кім (фото)

Рассказать Вконтакте

Өткен сенбіде үйлену тойын дүркіретіп атап өткен қазақстандық танымал футболшы Елдос Ахметовтың таңдауы кімге түскені белгілі болды. Белгілі спортшының жүрегін ару жайлы мәліметтерді KAZ.NUR.KZ назарыңызға ұсынады.

Талай қыздың арманына айналған аяқдопшыны өзіне қаратқан арудың есімі - Тынысбек Ләйлә.

Жас жұбайлар жерлес болса керек. Оған Ләйләның ұзату тойының Тараз қаласында өткені дәлел болмақ.

Қос ғашық арадағы махаббатыy біраз уақыт жасырып келген. Олар қарым-қатынастарын тек қана Елдос үйленуге ұсыныс жасағаннан кейін растаған.

Футболшы мен оның сүйіктісі дәл сол күннен бастап, әлеуметтік желіде бірге түскен суреттерін қуана-қуана жариялай бастаған.

Vesti.kz басылымының мәліметінше, спортшының жары Алматы қаласында банк саласында қызмет етеді. Ерлі-зайыптылар отбасын құрғанға дейін бірнеше ай бойы ғана кездесіп жүрген.

Сонымен қатар, Ләйләның әлеуметтік желідегі парақшасына қарап, оның көп саяхаттағанын көруге болады. Оған қоса, ару демалысын көбіне табиғат аясында өткізгенді ұнатады екен.

Айта кетейік, "Қайрат" футбол сапында өнер көрсетіп, көпшілікке танылған Елдос Ахметовтың үйлену тойы 23 қараша күні спортшының туған қаласы Таразда өткен.

Танымал аяқдопшының қуанышына футбол жұлдыздарымен қатар, шоу-бизнес өкілдері де келген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel