Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өлген жыланмен "скакалка" ойнаған балақайлар жұрттың зәресін ұшырды (видео)

Опубликовано:

Ғаламторда вьетнамдық балақайлардың "скакалка" (секірмек) ойнап жатқан видеосы тарады. Бір қарағанда олардың қолындағы кәдуілгі жіп секілді көрінеді. Бірақ, шын мәнісінде олар секірмекті өлген жыланмен ойнаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 120.su-ға сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Кішкентай балалардың адам шошырлық видеосы желілерде лезде тарап кетті. Бастапқыда олардың қолындағы жіп болып көрінгенімен, оның басқа нәрсе екенін бірден ұғасыз.

Алаңсыз секірген балалар өлген жыланды басы мен құйрығынан ұстап алған. Үлкендердің көбісінің жүрегі шыдай бермесе де, оларда қорқыныш сезімі мүлдем жоқ секілді.

Балақайлардың мұндай "ойыншықты" қайдан алғаны және олардың ата-аналары қайда қарап отырғаны белгісіз.

Айта кетсек, Филиппиннің Палаван провинциясында қолтырауын 12 жасар қызды жеп қоя жаздаған еді. Абырой болғанда, оның 15 жастағы ағасы батылдық танытып, қарындасын жыртқыштың аузынан аман алып қалды.

Сондай-ақ, Непалдағы Бхану елді мекенінде леопардтар 18 ай ішінде алты баланы өлтіріп, тағы жетеуін жарақаттағаны хабарланған еді.

Бүтін бір ауылды үрейде ұстап отырған жыртқыштар елді мекенге соңғы рет қазан айында шапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1828799-lgen-zylanmen-skakalka-ojnagan-balakajlar-zrtty-zresin-syrdy-video/

pixel