RU
Шынайы махаббатын жолықтырған атай тоғызыншы рет үйленбек (фото)

Шынайы махаббатын жолықтырған атай тоғызыншы рет үйленбек (фото)

Рассказать Вконтакте

71 жастағы ұлыбританиялық Рон Шеппард биыл тоғызыншы рет отбасын құрмақ. Ер адам бұл жолғы таңдауы өзінен 40 жасқа кіші әйелге түскен. Бір қызығы, күйеу жігіт қалыңдығымен әлі кездесіп, көріспеген екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: thesun.co.uk

Фото: thesun.co.uk

2016 жылы Рон ажырасып, шынайы қарым-қатынас үшін саналы адамды кездестіргісі келетінін түсінді. Екі жылдан кейін ер адам өзінің қиялындағы аруды кездестірген.

Ол 30 жастағы АҚШ тұрғыны Роуз Ганс болып шықты. Қос ғашық бұған дейін бірін бірі ешқашан көрмеген екен.

Олар бір жылға жуық желі арқылы араласып, отбасын құруға дайын екенін түсініпті.

БАҚ беттерінде Ронның сегізінші әйелімен ажырасқаны туралы ақпарат тарай бастағаннан кейін оған көптеген келіншектер хат жолдай бастапты. Олардың бірі Роуз. Ол медбике болып жұмыс істейді.

Роуз Рон Шеппардқа бір рет жазған екен, ал ол өз кезегінде бірден келіншекке жауап қатқан.

"Мен білемін, Роуз - мен қалаған жан. Біздің әлі көріспей жүргеніміз ештеңе емес, мен онсыз да екеуіміздің мінсіз жұп екенімізді білемін. Жас ерекшелігі - түк емес, ол тек сан ғана. Сүйіктім менен екі есе кіші болса да маған бәрібір. Ол тек сырттай сұлу емес. Оның жандүниесі де керемет", - дейді Рон.

Ронның сегіз баласы бар. Ер адам алғаш рет 1966 жылы, 19 жасында әке атаныпты. Ол кезде Рон бір емес, бірнеше рет отбасылы болатынын, тіпті, білмеген. Оның ең қысқа некесі 10 айға созылған.

"Өмірімде келеңсіз жағдайлар болса да, бұл менің шынайы махабатты іздеуіме кедергі келтірмеді. Мені жұрт тіпті, неке жүзіктерінің әміршісі деп атап кетті", - дейді ер адам.

Ронның ең ұзақ некесі 12 жылға созылған. Оның бұрынғы жұбайы Вэн Шеппардты опасыздық жасады деп айыптап, одан 2016 жылы ажырасып кетті деп жазады The Sun.

Қазіргі уақытта британиялық азамат өзінің қалыңдығы Роузбен кездесетін күнін асыға күтіп жүр. Кейін олар той күні бірге белгілемек.

Сіздің реакцияңыз
3
1
3
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel