RU

75 жастағы әжей жуынатын бөлмеде қамалып қалып, 8 күн бойы нәр татпаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Англияның Лестершир графтығы Лафборо қаласының тұрғыны өз үйінің жуынатын бөлмесінде сегіз күн бойы қамалып отырған. Бұл туралы The Mirror басылымы жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Байқаусызда жуынатын бөлмеде қамалып қалған 75 жастағы әйел адам сегіз күн бойы нәр татпаған. Аман қалу үшін оған ағын суды ішуге тура келген.

20 қарашада егде жастағы әйелді көрмегендеріне біраз күн болған көршілері полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары есікті бұзып кіріп, пәтер иесін жуынатын бөлмеден тапқан.

Әбден әлсіреген қарт кісі ауруханаға жеткізілді. Полицияның мәліметінше, оның аштықпен алысып, қалжырап қалған, алайда денсаулығына аса қауіп төніп тұрған жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Швецияда пәтерінде үш жыл бойы өлі күйінде жатқан ер адамның денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ осыған ұқсас оқиға Германияда орын алған еді.

Өрт сөндірушілері пәтерлердің бірінен 59 жастағы ер адамның қаңқасы мен иттің өлігін тапқан болатын.

Болжам бойынша, пәтер иесі сегіз жыл бұрын қайтыс болған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
75 жастағы әжей жуынатын бөлмеде қамалып қалып, 8 күн бойы нәр татпаған
Mailfire view pixel