Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінің тойына табытпен келген қалыңдық көпшіліктің шамына тиді

Опубликовано:

Күйеу жігіт пен қалыңдық - үйлену тойдағы ең басты кейіпкерлер. Бүгінде олар өмірлеріндегі ең маңызды күн қарсаңында елді таңғалдыру үшін небір амал-әдіске баратын болып жүр. Бірі мойынына әшекей ретінде қызынақтарды тағып шықса, енді бірі өз тойына табытпен шығып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: vechnost.kiev.ua / Видеодан кадр
Фото: vechnost.kiev.ua / Видеодан кадр: Facebook

Ганалық келіншектің ерсі әрекеті әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Қалыңдықты шақырған сәтте, әйел адамның орнына үсті қара матамен жабылған ақ табыт кіреді.

Табытты ашқан кезде ішінен шыққан қалыңдық қонақтарға "тосын сый" жасаған. Тіпті, әрекеттерінен еш әбестік көрмеген ол бірнеше би қимылдарын көрсетеді.

Тойға жиналған көпшілік оның дәл осылай шығуын қолдаған секілді. Оны қонақтардың қол шапалақтарынан байқауға болады. Алайда жас келіншектің бұл қылығы ғаламтор қолданушыларына жақпай қалған.

"Бұл той емес, бір қорқынышты мейрам", "Қалыңдық табытта? Бұл дұрыс емес қой!", "Бұл не болды өзі?", "Бұл рас па, қымбат өміріңмен ойнама", - деп жазды желідегілер.

Айта кетсек, бұған дейін Пәкістан тұрғыны өз тойында зергерлік бұйымдардан бас тартып, мойнына бағасы қымбаттаған қызанақтарды әшекей ретінде тағып шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1828809-zini-tojyna-tabytpen-kelgen-kalydyk-kpsilikti-samyna-tidi/

pixel