RU
"Ұлттық тестілеу орталығының" экс-директорына сот үкімі шықты

"Ұлттық тестілеу орталығының" экс-директорына сот үкімі шықты

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығының" бұрынғы директоры Рамазан Әлімқұлов 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рамазан Әлімқұлов. Фото: ОКҚ

Рамазан Әлімқұлов. Фото: ОКҚ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" РМКК бұрынғы директоры Рамазан Әлімқұловқа қатысты пара алды деген деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Әлімқұлов қонақ үй қызметін көрсету бойынша шарттарды бұзбағаны, орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны, жүгенсіздікке жол бергені және жалпы қамқорлығы үшін 5 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелген.

22 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы директорға қатысты сот үкімі шығып, ол 3,5 жыл бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ енді ол өмір бойына мемлекеттік мекемелерде қызмет ете алмайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұловтың пара алды деген күдікпен екі айға қамалғаны хабарланған еді.

Әлімқұлов Ұлттық тестілеу орталығын 2016 жылдан бері басқарған.

Сонымен қатар директордың ұсталуы Ұлттық тестілеу орталығы мен ҰБТ-2019 өткізуге ешқандай кедергісін келтірмейтіні айтылған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel