RU
Төреғалидің күйеу баласы джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды (фото)

Төреғалидің күйеу баласы джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Төреғали Төреәлінің күйеу баласы Дархан Нортаев джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы алғашқылардың бірі болып, спортшының болашақ жары Фариза Төреәлі өзінің Instagram парақшасында хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әлем Чемпионатынан 2 орын! Альхамдулиллях! Алланың қалауымен Дархан джиу-джитсудан Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатынан топ жарып, 2 орын алды. Еліміз сізбен мақтанады! Алар асулары алда, ең бастысы Дарханның денсаулығы, дәл осы еңбекқорлығы мен мақсатынан таймайтын күш-жігері болса болды! Біз қолдаймыз, әрқашан жаныңыздамыз, чемпионым!
Дарханның жарысқа дайындық барысында қасында болып, спортшылардың жеңіске жету үшін қаншалықты тер төгетінін көрдім. Спорттан хабарым жоқ мен үшін бұның бәрі жаңа дүние болды. Аллам Дарханның осы еңбегі мен талабына бар жақсылықты берсе екен! Еліміздің көк туын желбіретіп жүрген спортшыларымызға алғыс" , - деп жазды Фариза Төреәлі.

Өзінің жүлделі болғанын Дархан Нортаев та растап, құттықтап жатқан көпшілікке алғысын білдірді.

"16-24 қараша күндері Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алдым. Ер жігітті төбеге көтеретін де xалық, төбеден түсіретін де xалық емес пе, "қой асығы демеңіз, қолыңа жақса - сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса - аға тұт" дейді ғой аталарымыз. Атаның ғана емес, xалқымның баласы болуға тырысып жатқан түрімізге тақымдарыңызды қысып, "ой, жарайсың" деп арқаландырып жататын сіздерге мың алғыс!
Спортшы тек елім деп жерім деп жүрегі соғады, атымызды асқақтататын сіздерсіздер. Бүгінгі күннің оқиғасы ертеңгі күнге тариx болатындығы сияқты, бүгінгі біз, спортшылар, жалғастырып жатқан болашақтың ұрпағын салауатты өмір салтымен айналысуға ынталатындыратыны сөзсіз.
Бізбен бірге әр жеңісімізге қолдау көрсетіп, спорттың қай түрін болсын демеп, қолпаштап, дамуына ат салысып жатқан барлық азаматтар мен азаматшаларға іштей раxметімді айтып жүремін" , - деп ағынан жарылды спортшы.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel