RU
Назарбаев Nur Otan мүшелерімен кездесу өткізіп, Тоқаев туралы айтты

Назарбаев Nur Otan мүшелерімен кездесу өткізіп, Тоқаев туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының облыстық филиалдарының өкілдерімен кездесу өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"Сөз сөйлеу барысында Елбасы партия мүшелеріне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасында топтасып, саяси бағыттың сабақтастығын қамтамасыз ету қажеттілігін тағы да ескертті", - деп жазды Үкібай.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мақсатында жұмыс істеп жатқанын айтты. Ол Владимир Путин және Владимир Зеленскийдің "көзбе-көз" кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Назарбаевтың айтуынша, қазіргі Украина мен Ресей арасындағы жағдай мәз емес. Сондықтан, Елбасы екі жақын елді "табыстырғысы" келеді.

Ол бұл мәселені шешу үшін Путин мен Зеленскийге АҚШ-тың, Еуропалық одақтың және басқа жақтардың қатысуынсыз кездесу қажет деп есептейді. Ол үшін президенттер өз еріктерін білдірсе болғаны.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel