RU
Jah Khalib: Роза Рымбаева тойларда жұмыс істей беруді тоқтатпайды

Jah Khalib: Роза Рымбаева тойларда жұмыс істей беруді тоқтатпайды

Рассказать Вконтакте

Көпшілікке Jah Khalib лақап атымен танылған отандық әнші қазіргі қазақстандық эстрада жөнінде пікір білдіріп, Роза Рымбаеваның шығармашылығын сөз етті. Бүгінгі күні Киев қаласына көшіп кеткен өнер иесі белгілі әншінің әлі де тойларда жұмыс істеп келе жатқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "В гостях у Дмитрия Гордона" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бахтияр Мамедов қазақстандық шоу-бизнесті екіге бөліп қарастыратынын жеткізді.

"Эстрада нарығы бар, ол дәстүрлі шоу-бизнес. Одан кейін андеграунд стилі бар. Оған біз сияқты заманауи әртістер жатамыз" , - дейді Jah Khalib.

Сұхбат барысында Дмитрий Гордон Jah Khalib-ке Роза Рымбаеваның өнеріне қатысты сұрақ қойды.

"Роза Рымбаева әлі жұмыс істеп жүр ма?" , - деді Гордон.
"Роза Рымбаева әрқашан тойларда жұмыс істеді, істеп жатыр және істей беруді тоқтатпайды. Әрине, отандық әншілердің жағдайы жақсы. Олар тойларға келіп, фонограммамен бірнеше ән айтады да кетіп қалады. Өнері үшін қалтасына бес, алты мың доллар салып кетеді.
Мен мұндай жұмысты қуана жасаушы едім, бірақ өзіме оған рұқсат бере алмаймын. Қазақстанда күнде той ғой. Олардың жұмысы да сол. Оған қоса, біздің елімізде аса дарынды жастар өте көп. Олар музыка, клип немесе кинематографта болсын, әркім өз саласының майталманы. Келесі жыл біздің жастардың жылы болмақ. Өнердің болашағы дәл Қазақстанның қолында. Егер кезінде Украина соның көрсеткіші болса, қазіргі таңда Украинада бәсеңдеп барады" , - дейді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Jah Khalib Алматыдан Киевке көшуінің себебін түсіндірген болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel