RU
"12 қайын апа": Атырауда он екі қыздан кейінгі үйдің сүт кенжесі үйленді

"12 қайын апа": Атырауда он екі қыздан кейінгі үйдің сүт кенжесі үйленді

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілердің бірінде өте қызықты жазба жарияланды. Атыраулық асаба 12 қыздан кейін дүниеге келген жалғыз ұлдың тойын басқарғалы жатқанын Instagram парақшасында хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға шүкір бүгінде бір ұлан асар той басталғалы тұр! 12 қыздан кейін 1 ұлдың тойын бастаймын ба деп тұрмын. Жастар, Амангелді-Айгерім бақытты болыңдар!" - деп жазды Есет Бахитов.

Жігіттің 12 әпкесі секілді асаба да қызыл түсті костюм киіп алған.

Есет Бахитовтың оқырмандары да ерекше тойға таңданыстарын жасыра алмай, ақ тілектерін жаудырған.

"Қандай күшті, қыз деген қызыл алтын", "Бір үйдің қыздары ма?", "Сәттілік!", "Бір үйде 12 қыз ба? Керемет!", "12 қайын апа", "12 қайын апасы болады ма?", "12 қайын апасы бар келіннің жолы болды", "Алла бақтарынан тайдырмасын, өте әдемі", "Біздің де үйдегі 6 қыздан кейін 1 ұлды үйлендіріп, қатты қуанғанбыз", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетсек, бұған дейін елімізге танымал актер Тәуекел Мүсілімнің шаңырақ көтергенін хабарлаған едік. Өнер иесінің таңдауы 24 жастағы Қарағанды қаласының тумасы, Махаббат есімді аруға түскен.

Сіздің реакцияңыз
2
1
3
0
5
45
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel